АҚТОҒАЙ МЫС КЕНІ, Алматы обл. Алакөл ауданында, Актоғай т.ж. ст-нан 22 км шығысқа карай, диорит және гранодиорит массиві мен оған жапсарлас жоғарғы тас көмір — төменгі пермь бөліміндегі жанартаутекті шөгіңді жыныстардағы кенді штокверкке орналасқан. Мыс молибдені бар кенді штокверк 800 м тереңдікке дейін бойлайды, оның ұз. 2500 м, ені 50 — 830 м. Кенді штокверктегі мыс пен молибденнің мөлшері оның ішкі және сыртқы шекарасына қарай азаяды және бұл екі құраушының ең үлкен шоғырлануы бір-біріне сәйкес келеді. Керісінше, пирит минералының мөлш. штокверктің сырткьі контурына кэрай кө— бейеді. Штокверктің сыртқы контуры пирит қабығымен шектелген. Кендегі мысты минералдар да осы заңдылық бағытында алмасады (гипогенді халькозин мен борнит — халькопирит мысты пирит). Кенді штокверктегі күкірттің мысқа орташа қатынасы 2:1, мыстың молибденге қатынасы 42:1. Штокверктің сыртқы контурында аз мөлшерде қорғасын мен мырыштың минералдануы байқалады. Жер бетінен орташа тереңд. 30 м дейінгі ауқымды тотыққан белдем қамтиды. Кен орны бойынша мыстың мөлш. 0,2 — 1,6%, орташа — 0,39%. А. м. к-нің кентастары жеңіл байытылады, ашық әдіспен өндіруге қолайлы. Т. ж-ға жақын орналас—