АҚТОҒАЙ АУДАНЫ — Қарағанды обл-ның оңт.-шығысындағы әкімш. аудан. 1931 ж. құрылған. Аум. 52,0 мың км2. Тұрғыны 29,6 мың адам (1997). А. а-нда 15 округ, 2 кент бар. Ауд. орталығы — Ақтоғай а. Аудан Сарыарқаның оңт.-шығысында, шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан. Солтүстігін аласа таулар тізбегі алып жатыр. Олардың арасында Балқаш пен Қарасор алаптарының су айрығы болып саналатын Қызыларай (1565 м), Қызылтас (1238 м) және т.б. таулар мен олардың сілемдері орналасқан. Ауданның орталық өңірі — Балқаш к-не қарай еңістеп аласара беретін ұсақ шоқылы, қырқалы жазық Түстік өңірінде белесті Солт. Балқаш маңы жазығы жатыр. Ауданның оңт. шетін Балқаш к. көмкереді. Кен байлықтарынан мыс, молибден, вольфрам, қорғасын, мырыш, темір, тальк, кварцит, табиғи құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтарда орташа темп-расы солт-нде -16°С, оңт-нде — 14°С, шілдеде солт-нде 16°С, оңт-нде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. солтүстігінде 350 мм, оңтүстігінде 150 мм болады. А. а-ндаТ оқырауын, Қусақ, Қаратал, Еспемейірман, Ақтайлақ, Ащыөзек, Еспе өз-дері бар. Олар ауданның солт-ндегі таулардан бастау алып, оңтүстігіндегі Балқаш к-не қарай ағады, бірақ оған жетпей жерге сіңіп кетеді. Орта және оңт. Қңірлерінде құба, баялыш, көкпек, боз және қара жусан, сазан, сораң, бұйырғын т.б. тау аңғарларында қарағай, қайың, терек, көктерек өседі. Жануарлардан: арқар, елік, сайғақ, доңыз, қасқыр, түлкі, ақ қоян, ақкіс, қарсақ, борсық, күзен, сұрсуыр, аққұлақ, ондатр, құстардан: шіл, бұлдырық, сажы, т.б. су құстары мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1км2-ге 0,6 адамнан келеді. Қала тұрғындары 30,4%. Аудандағы ірі елді мекендер: Шашубай, Сарышаған, Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Саяқ, Гүлшат кенттері. Тораңғылық, Ортадересін, Тасарал, Сәуле, Ақжарық, Шылым, Нұркен, Сарытерек, Қошқар, Айыртас, Жаңаорталық, Абай, Ақтас, Ақши а-дары. Аудан тұрғындары, негізінен, а. ш-мен шұғылданады. А.ш-на пайдаланылатын жері 3990,7 мыңға (1997), оның 42,2 мыңы егістік, 3910,2 мыңы жайылым, 38,1 мыңы шабындық. А. ш-ның басты саласы — мал ш. Қой, жылқы, ірі қара өсіріледі. Ауданда кәсіптік-техник. уч-ще, бастауыш және орта мектеп, бала бақшалары, 2 емдеу-сауықтыру мекемесі, 23 клуб пен мәдениет үйі, халық театры, демалыс үйлері, оқушылар лагері бар. Аудан жерінде көшпелі тайпалардың Беғазы — Дәндібай мәдениетіне жататын өте көне ескерткіштер сақталған. Аудандағы Қызыларай және Бектауата тауларының туристік маңызы зор. Ауд. арқылы Қарағанды — Ақтоғай — Балқаш — Қарқаралы автомоб. жолы өтеді.