АҚТОЛАҒАЙ ҚЫРҚАСЫ — Орал алды үстіртінің оңт.-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе обл-ның Байғанин ауд-нда орналасқан. Солт,- шығыстан оңт-ке қарай 90 км- ге созылған, ені 5—10 км, ең биік жері — Қияқты тауы (217 м). Каспий ойпатымен жапсарласып, Ембі өз-нің оң жағалауында жатыр. Батыс бөлігі жарқабақты сай жыралармен тілімденген. А. қ-нан Терісаққан өз. бастау алады. Батысында Толағайсор к. жатыр. Бор, бормергельді жыныстардан түзілген. Боз және сортаңды топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан, баялыш өседі. Монғолша тологой — шың, тау басы дегенді білдіреді.