АҚТАУ УНИВЕРСИТЕТІ, Ш.Есенов атынд. — жоғары политехникалық білім беретін мемлекеттік оқу орны. ҚР үкіметінің қаулысымен Ақтау политех. ин-ты (1976 ж-дан Қазақ политех. ин-тының Маңғыстау бөлімшесі, 1993 ж- дан Ақтау политех. ин-ты) мен Атырау ун-тінін осындағы филиалы негізінде құрылды (1996). Ун-ттің бес ф-тінде төрт мыңнан астам студент 22 мамандық бойынша білім алады. Олардың үштен екісі күндізгі бөлімдерде оқиды. Мұнай-химия; инженерлік; тарих-филол.; физ.-мат.; атом- энергетикасы ф-тері жұмыс істейді. Студенттерге Қазақстан ҒА-ның бес толық мүшесі мен мүше корр., 10 проф., елуден астам ғыл. канд., бес жүзге жуық оқытушы дәріс береді. Ун-ттің бес оқу ғимараты, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен екі спорт кешені бар.