АҚТАУ ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ОРНЫ

АҚТАУ ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ОРНЫ — палеоген кезеңінде (эоценнің ортасы, шамамен 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған, биікт. 1000 м-ден астам, әр түрі өзен, көл тұнбаларының шөгінді кзбаттарынан тұратын тау жыралары. Ол Алматыдан солт.-шығ-қа қарай 200 км жерде, Айдарлы а-ның маңында орналасқан. Алғаш 1948 ж. бұл жерден ертеде тіршілік еткен жануарлар сүйегі табылды. Соның негізінде миоцен дәуірінің басында тіршілік еткен мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың (соңғы анықтау бойынша бұрын Жайрем қазба орнынан табылған түрі) сүйектері зерттелді. 1996 ж. Қазақстанда алғаш рет эоцен дәуірінде тіршілік еткен бронтотерийдің екі толық қаңқа сүйегі, миоценнің алғашқы кезеңінің батпақ шөгінді қабатынан сол заманньщ өсімдіктерінің жапырақ таңбалары табылды. Мұны ғалымдар күзде жапырактары түсетін ағаштар мен бұталардың жапырақ таңбалары деген болжам айтады. Қазба орнынан өсімдіктердің 56 түрі анықталды. Жануарлар сүйектерімен қатар, өсімдіктер таңбаларының да кездесуі сол заманның табиғат көріністерін: миоцен дәуірінде өзен, көл жағалауларын тоғайлар қоршап жатқанын, жануарлардың көпшілігі осы ортаға сәйкес тіршілік еткенін анықтауға мүмкіндік береді. А. п. қ. о-ның тағы бір ерекшелігі мұнда палеоген кезеңінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі көпшілік кезендердің шөгінді қабаттары ретімен сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *