АЛҚА

АЛҚА, коллегия (лат. collegium — әріптестер) — 1) әкімшілік немесе кеңесші органдарға мүше адамдар тобы; 2) Ежелгі Римде ортақ мамандық, діни наным және т.б. бойынша біріккен адамдардың одағы; кәсіпшілік, діни, рәсімдік А-лар (коллегиялар) болған; 3) Ресейде Петр І-дің кезінде “приказдар” деп аталатын органдардың орнына құрылған және 19 ғ-дың басында министрліктердің енуіне байланысты жойылған орт. басқару органдарының атауы; 4) ертедегі казақтар ұғымында А. атауы белгілі бір мәселені “алқа- қотан отырып”, мәжіліс құрып, кеңесіп отырып шешу мағынасын білдірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *