АЛҚАБЕК 

АЛҚАБЕК — Шығыс Қазақстан обл-ның Марқакөл ауд— ндағы өзен. Қара Ертіс өз-нің оң жақ саласы. Ұз. 82 км, су жинау алабының ауд 1420 км2Азутау жотасының оңт. беткейінен бастау алады. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толысады. Жоғарғы тау шатқалында сарқырай ақса, жазыққа шығысымен ағысы баяулайды. Алқабек елді мекенінің тұсында көп жылдық орташа су шығыны 0,57 м3/с. Көктемде еріген қар суымен тасиды. Суы егін суаруға, мал жайылымын суландыруға пайдаланылады. Басты салалары: ОртатеректіШеттеректі және Ашалы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *