АЛҒЫРЛЫҚ — адамның психикасындағы зейінділік, зеректік, ұғымталдық сияқты ақыл-ой әрекеттерінің бір-бірімен үйлескен қасиеті. А. таным процестері арқылы адамның жанама ойлау әрекеттерімен ұштасып жатады. Ойы алғыр адам айналасындағы бейне-құбылыстарды шапшаң қабылдап, оларды ақыл-ой елегінен өткізіп, қажет кезінде қайта жаңғыртады. Халық: “Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, олақ жігіт оңай жұмысты жүк қылар” дейді. А — ақыл-ойдың жемісі ретінде адам ойынын ұшқырлығы, таддау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау, нақтылау секілді қасиеттерге тығыз байланысты. Алғыр адамның дүниетанымы мен білімін көзқарасынан, ойды, іс-әрекетті қабылдауынан, соған қатысынан байқауға болады. А. балалардың жас ерекшеліктерімен ақыл-ойының даму деңгейіне сәйкес үнемі ілгері өрістеп, күрделіленіп отырады. Қазақ психологы Ж. Аймауытов баланың табиғи даму барысына қарай А-қа тәрбиелеу үшін оқу материалын біртіндеп қиындатып отыру керектігін ескертеді. Педагогикадағы “дамыта оқыту” теориясының негізінде жас ұрпақты А-қа баулу мақсаты жатыр.