АЛҒА — Жамбыл обл-ның Шу ауд-ндағы ауыл. Шу қалалық әкімш-не қарайды. Бөз, бетеге, көкпек шөп аралас өскен шөлді дала белдемінде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Шу (2 км жерде). Тұрғыны 2,1 мың адам (1997). А-да бұрынғы кеңшар негізінде өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, аурухана, кітапхана бар. Тұрғындары ауд. орталығымен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.