АЛҒА (Алғи) Жалмамбетұлы (т.ж.б. — 1877) — 1870 ж. Маңғыстауда отарлық езгіге қарсы шаруалар көтерілісі жетекшілерінің бірі. А. көтерілісшілердің үлкен бір тобын басқарып, Форт-Александровск қамалына шабуыл жасауға (1870 ж. 5 — 8 сәуір) қатысты. Полк. Рукиннің әскерін қамауға алып, қолға түсірді. 20 сәуірде Төрткүл құдығының маңында граф Кутайсовтың басшылығындағы Кавказ Қарулы Күштерімен шайқасып, “Төменгі бекіністі” қиратуға қатысты. 1870 ж. қыркүйекте Калмыков уезінде қасындағы үш жолдасымен қолға түсіп, Форт-Александровск қамалында 7 айдан астам тұтқында отырды. 1871 ж. көтерілістен кейін Хиуаға өтіп кеткен қазақтарды қайтарып әкелуге жіберілді. Бірақ патша әкімшілігі А-ны қайта тұтқындап, 1876 ж. 8 наурызда әскери дала соты оны көтеріліс басшысы ретінде әуелі 10 жылға айдауға, кейін 7 жылға жер аударуға кесті. Сібір түрмелерінің бірінде қайтыс болды.