АЛҒАШҚЫ ЖАНУАРЛАР

АЛҒАШҚЫ ЖАНУАРЛАРклоакалылар (Prototheria) — қазіргі сүтқоректілердің ең қарапайым және алғашқы класы. Оларды кейде жұмыртқа салушы сүтқоректілер деп те атайды. Бұдан 1,8 млн. — 10 000 жыл бұрын тіршілік еткен. А ж-дың қаңқа қалдықтары Австралиядағы тау жыныстарының арасынан табылған. А. ж-дың көптеген белгілері (бас сүйегінің шеміршекті болуы, жүрегінің, миының құрылысы, т.б.) бауырымен жорғалаушыларға ұқсас болған. Дене тұрқының ұз. 30 — 80 см. Ересектерінің тістері, қарнында ас қорыту безі болмаған. Ішегі, зәр және жыныстық мүшелері тікелей клоакаға ашылады. Дене темп-расы басқа сүтқоректілермен салыстырғанда біршама төмен болады (25 — 36°С). 1 не 2 жұмыртқа салып көбейеді, ұрпағын сүтпен асырайды. Сүт бездері түтік пішінді келеді. Оның өзектері жеке-жеке құрсақ жағына қарай ашылып, ұрпағы ондағы сүтті жалап қоректенеді. А. ж. 3 отрядқа жіктеледі. Оның 2 отрядының (көпбұдыртістілерүшбұдыртістілер) өкілдері жойылып кеткен. Қазіргі кезде жұмыртқа салушылар отрядына жататын ехиднапроехидна, үйректұмсық тәрізді түрлері Австралияда, Тасмания және Жаңа Гвинея аралдарында тіршілік етеді. Олар терісі бағалы болғандықтан ауланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *