АЛҒАЗЫ АРАЛЫ — Балқаш к-нің орта тұсында, Ұзынарал түбегіне жақын, солт.-батыс- тан оң.-шығысқа қарай созыла орналасқан арал. Ұз. 7 км, ені 1 — 3 км, ауд. 13 км2 шамасында. А. а-н солтүстігінен ені 1,5 км, оңтүстігінен 4 км шамасында бұғаз бөледі. Жағалауы, негізінен, жазық, солт.-батысы ғана тік (абс. биікт. 366 м) келеді. Девонның туф қабаттары аралас құмдақ жыныстардан түзілген. Өсімдікке жұтаң. Тек ұсақ қиыршық тасты, топырақты жерлерде ғана жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі.