АЛҒАБАС — Батыс Қазақстан обл-ның Сырым ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. Орталығы — Жымпиты а-ның солт.-батысында 55 км, ал облыс орталығы — Орал қ-нан оңт.- шығысқа қарай 85 км жерде, көкпек, қаражусан өскен, қызғылт топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан. Іргесі алғаш 1936 ж. “Қызыл- ту” астық кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланған. Тұрғыны 1,5 мың адам (1997). 1997 жылға дейін кеңшар мен ауылдық кеңес орталығы болды. Кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, фельдшерлік- акушерлік пункт бар.