АЛҒАБАС — Оңт. Қазақстан обл-ның Бәйдібек ауд-ндағы ауыл, Алғабас ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Шаян а-нан оңт.- шығысқа қарай 22 км жерде, қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2,6 мың адам (1997). А-та а. ш. және мал ш. өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, бала бақшасы бар. А. арқылы Шымкент Шолаққорған автомоб. жолы өтеді.