АЛМА ЖАСЫЛ БІТЕСІ

АЛМА ЖАСЫЛ БІТЕСІ (Aphispomi) — алма ағашының тең қанаттылар отрядына жататын зиянкес жәндігі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Көбінесе, жас алма ағаштарын зақымдайды. Түсі көк және сұр, ұз. 3 мм— дей. А. ж. б. жұмыртқаларын (ұрығын) жас өркен бүршігінің түбіне салып, сонда сақтайды. Көктемде олардан шыққан дернәсілдер бітеге айналып, олардың әрқайсысы 40— 50-ден қайтадан тірі дернәсіл шығарады. Бір жылда 10 шақты рет көбейеді. Жазда қанатты бітелерге айналып, бау- бақшаларға таралады. Ағаштың жас сабақшалары мен жапырағының сөлін сорады. Соның кесірінен жеміс өркенінің өсуі тоқтап, қисайып немесе қурап қалады. Күрес шаралары: зиянкестерге қарсы карбофос, метафос, антиофосфамид, т.б. инсектицидтер қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *