АЛМАТ Тобабергенұлы

АЛМАТ Тобабергенұлы (1805 — 1897) — қазақ байы. Жасынан Ресей (Орынбор) мен Бұхара арасындағы керуен саудасына белсене делдалдық жасап, орыс тілін меңгерді. 

1868 жылға дейін 54-әкімш. дистанциясының бастығы болды. Орыс армиясының хорунжий офицерлік шенін алды. Халық оны сардар деп атады. Ел арасындағы түрлі дау-жан- жалдарды шешумен қатар Орынбор шекаралық комиссиясының жұмысына араласты. А.білімі мен тәжірибесін көшпелі елінің мәдениетін көтеруге, тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсады. Оларды орыс әкімш-нің жүгенсіздіктерінен қорғап отырды. Бұл бағыттағы жұмыстары қазақтардың жартылай отырықшылыққа көше бастауымен тұспа-тұс келді. А. қыстаулардың салынуына, үй құрылыстарына, қысқы мал азығын дайындауға барынша көңіл бөлді. Өз тарапынан Ырғызда бірнеше ағаш және кірпіш үй-жай салдырды. Орынбор ген.-губернаторына арнайы хат жазып (9.1.1866), егіншілікпен айналысатын қазақтарға көмек алды. Малы көп, бай болған А. балаларын оқытуға көңіл бөлді. Атақты батыр Есет Көтібарұлымен құда болды. Бір баласы Самұрат Алматұлы (1842 — 1922) көп жыл Ырғыз уезі бастығының көмекшісі, Кенжеғара болысы қызметтерін атқарған, Романовтардың 300-жылдығы құрметіне алтын медальмен марапатталған. А. Ақтөбе обл. Ырғыз қ-нан оңт.- шығысқа қарай 22 км жердегі ата қорымына жерленген. Ұрпақтары басына күмбез тұрғызан. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *