“АЛМАТЫ” — Алматыдағы қонақ үй ғимараты. 1967 ж. салынған. Сәулетшілері — И.А. Карташ, А.Я. Коссов, В.Г. Чиркин, Н.Н. Рипинский, инж. С.И. Қаламжаров (КСРО Мин. кеңесінің сыйл. 1974 ж.) 8 қабатты ғимарат иілген пластина сияқты жасалып, маңайындағы бульварлар мен гүлзарлар, алдындағы Опера жөне балет театры ғимаратымен әдемі жарасымдылық тапқан. “А.” қонақүйінің ғимараты 20 ғасырдың 70-жылдарындағы сәулет өнерінің озық үлгісі саналады. Бірыңғай көлденең жолақтар арасында биік қабаттағы терезелері, фасадка үйлесіп, ауада қалқып тұрған сияқты жеңілдік береді. Қонақ үйде 540 орындық 280 бөлме, 250 орындық банкет залы, 1 кабат мейрамхана бар.