АЛМАТЫ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ, Орал Таңсық баев атынд. — арнаулы мемлекеттік орта оқу орны. Суретші безендіруші, мүсінші, театр суретшісі, қолданбалы өнер суретшісі мамандарын даярлайды. 1938 ж. КСРО Суретшілер Одағының жанындағы Қазақстан бөлімі студиясының негізінде құрылған. 1941 ж. театр уч-щесімен қосылып, Н.В. Гоголь атынд. Қазақ мемл. театр-көркемсурет уч-щесі болып қайта құрылды. 1954 ж. Н.В. Гоголь атынд. Алматы көркемсурет уч-щесі болып өзгертілді. 1992 ж. уч-щеге Таңсықбаев есімі берілді. 1995 жылдан қазіргі атымен аталады. Колледжде кескіндеме, театр сахнасын безендіруші, мүсінші, көркем- таңба, көркемдеп ағаш өңдеуші, көркемдеп металл өндеуші, қыш бұйымдарын көркемдеуші, көркемдеп мата безендіру, көркемдеуші суретші мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. 

Жоғары білікті 42 оқытушы дәріс береді. Олардың екеуі Қазакстан Республикасы ағарту ісінің озаты, біреуі Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген өнер қайраткері (1998). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *