АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫАлматы мемлекеттік облыстық филармониясы — концерттік ұйым. 1973 ж. құрылған. А. о. ф-ның негізін “Алматы әуендері” ансамблі құрады. Онда “Майра” атты вокалды-аспаптық қыздар ансамблі, “Әсем” эстрадалық ансамблі, эстрада-цирк өнерінің артистері және домбырашылар тобы жұмыс істеді. Ал 80-жылдарда филармония құрамы ұлғайып, оған “Алтынай” би ансамблі (1985), “Адырна” фольклорлық-этнографиялық ансамблі (1985), “Арқас” пен “Медеу” вокалды-аспаптық ансамбльдері (1985) және “Сазген” фольклорлық-этногр. халық ансамблі (1981) қосылды. А. о . ф . құрамында ҚР халық арт. Н.Қ Есқалиева, еңбек сің. артистер М.Е. Ералиева, А.Е. Сембин, Т.О. Ізімова, т.б. жұмыс істеген. Филармония көрермендер арасында муз. ағарту жұмыстарын жүргізеді, концерттер, лекциялар өткізеді. А. о . ф — ның шығармашылық топтары шетелдерде болып, өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *