АЛМАТЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ — темір жол мамандарын даярлайтын мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. Түркістан — Сібір т.жполитехникумы (1930) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 ж. 8 мамырдағы қаулысымен Алматы көлік және коммуникациялар колледжі болып құрылды. Колледжде т. ж. салу, жол және жол ш., т. ж-дың құрамдарын техн. күту, жөндеу және пайдалану, вагондар мен рефрижераторлы жүріс құрамдарын тех. күту, жөндеу және пайдалану, т. ж-ды электрмен жабдықтау, темір жол көлігіндегі басқарудың автоматтандырылған жүйелерін тех. күту және жөндеу, т. ж. көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және жүрісті басқару, шаруашылық қызметін басқару, талдау және оның бух. есебі, экон-сы, т. ж. транспортындағы коммерц. қызмет мамандықтары бойынша кадр лар даярланады. 1625 студент (күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде) оқиды (1998). Әдістемелік құралдарымен жабдықталған 40 кабинет, лабораториялар, 3 жатақхана, спорт зал жұмыс істейді. 1930 — 98 жылдар аралығында бұл оқу орнын 30 мыңнан астам орта тех. білімі бар маман кадрлар бітіріп шықты. Соц. Еңбек Ерлері: М.К. Мұхамеджанов, А.П. Салықбаев, Мемл. сыйлықтың лауреаты А.Ж. Қаптағаев, физ.-мат. ғылдокт.Э.ЕСои, т.б. осы колледждің түлектері. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *