АЛМАТЫ КІЛЕМ

“АЛМАТЫ КІЛЕМ” — Алматы қ-ндағы кілем және тоқыма бұйымдарын шығаратын 283 кәсіпорын. 1936 ж. Ковровщица” артелі негізінде құрылған. 1960 ж. Алматы кілем-тоқыма ф-касы, 1972 ж. Алматы кілем ф-касы болып өзгертілді. 7 негізгі және қосалқы цехтары бар. 1962 ж. қол тоқыма станоктары мех. тоқыма станоктарымен алмастырылды. Негізгі өнім түрлері: машинамен тоқылатын ірі өрнекті кілемдер (4 түсті, 2 түсті түкті), қолмен тоқылатын түкті кілемдер, төсеніш кілемшелер. Фабрика арнайы тапсырыстар бойынша Абай, Жамбыл, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, т.б. әдебиет және өнер қайраткерлері бейнеленген портретті кілемдерді де шығарып келді. Кәсіпорын 1992 ж. “Алматы кілем” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Өнімдері шет елдерге де шығарылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *