АЛМАТЫ КЕКІРЕСІ

АЛМАТЫ КЕКІРЕСІ (Oytropis almaatensis) — бұршақ тұқымдасының кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол Іле Алатауы мен Сөгеті тауының шатқалдарындағы, сондай-ақ Қарғалы, Талғар және Шелек өз-дерінің жағаларындағы тастақ топырақты, шалғынды, бұталы, далалы орман алқаптарында өседі. Биікт. 30 см. Түктенген бозғылт түсті, сабағы көрінбейді. Жапырақтары ұзын, 20 см-ге жетеді, дөңгелек қатар орналасқан қос жапырақшалары болады. Гүлдері қызғылт күрең түсті, шашақты гүл шоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. шілде — тамызда жеміс береді. А. к. — дәрілік өсімдік. Таралу аймағының біраз жері Алматы қорығына қарайды. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *