АЛМАТЫ ЗАҢ КОЛЛЕДЖІ,А лматы қазақ заң колледжі — арнаулы білім беретін жеке меншік оқу орны. Құрылтайшылары — философ ғалым Зейнолла Қари мен заңгер ғалым Сәкен Озбекұлы. Оқу мерзімі — 1 жыл 10 ай. Оқыту процесі ақылы, өзін-өзі қаржыландыру негізінде жүргізіледі. 1997 ж. 80 оқушы колледжді арнайы орта білімі бар “заңгер” мамандығын алып шықты. Студенттер қатары жыл сайын өсіп келеді. Сабақ барлық пән бойынша қазақ тілінде өтеді. Кітапханасы, спорт залы бар.