АЛМАТЫ ЗАҢ ИНСТИТУТЫ — заң мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1956 ж. шілденің 23- нде құрылған. 1998 ж. сәуірдің 24-нде А. з. и. болып қайта құрылды. Күндізгі бөлімінде: қылмыстық атқару, тергеуші- криминалист; сыртқы бөлімінде: жедел іздестіру, тергеуші-криминалист, әкімш. құқық, қылмыстық атқару мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Тех. құрал- жабдықтармен жасақталған 4 оқу ғимараты, дәріс залдары, оқу аудиториялары, оқыту- әдістемелік кабинеттер мен лабораториялар, 700 орынды станцион. киноқондырғымен жабдықталған мәжіліс залы, спорт кешені, стадион, тир бар. Тәрбие және әлеум. құқық жұмыстары бөлімі, ғыл,- зерт. және редакциялық-баспа бөлімі және сырттай оқыту ф-ттері, жалпы және арнайы кітапхана, 16 кафедра жұмыс істейді. 1956 — 97 ж. Алматы жоғары мектебі ҚР Ішкі Істер Мин-нің құқық қорғау органдарына 13 мыңға жуық офицер даярлап шығарды.