АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҚТАРЫ

АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҚТАРЫ — Алматы тұтынушыларын электр энергиясымен, бумен, ыстық сумен қамтамасыз ететін үш жылу электр орталығы. 1-Алматы жылу электр орталығы 1931 ж. салына бастап, 1935 ж. 25 қазан күні алғаш ток берді. 1960 жылға дейін Алматы орталық электр ст-сы деп аталған. Ол 1944 жылға дейін респ. астанасын электр энергиясымен қамтамасыз ететін жалғыз ғана қуат көзі болды. 1960 жылдан бұл электр ст. 1-Алматы жылу электр орталығы деп аталды. 

2-Алматы жылу электр орталығын салу 1974 жылы басталып, жылу қуаты 456 Гкал/сағ болатын бірінші кезегі 1982 ж. пайдалануға берілді. Есепті жылу қуаты 1520 Гкал/сағ, көмірмен жұмыс істейді. Негізгі құрылыстары 1978 — 89 ж. аралығында салынды. Қалада бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету жүйесіне 200-ден астам кәсіпорын мен 7000-ға жуық әр түрлі ғимараттар мен үйлер қосылған. 

Бұрынғы Алматы мемл. ауданаралық электр ст. 1996 жылдан бастап З-Алматы жылу электр орталығы деп аталды. Ол 1962 — 67 ж. аралығында конденсац. жылу электр ст. ретінде іске қосылды. 

А. ж.-э. о. 1996 ж. Бельгияның “Трактабель” тобы құрған “ Алматы Пауэр Консолидейтэд” жабық үлгідегі акцион. қоғамының басқаруына берілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *