АЛМАТЫ ЖЕМІС КОНСЕРВІЛЕУ ЗАУЫТЫ

АЛМАТЫ ЖЕМІС КОНСЕРВІЛЕУ ЗАУЫТЫ — Алматы қ-ндағы жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін консервілеуге, ұзақ сақталатын кейбір тағам түрлерін жасауға мамандандырылған кәсіпорын. 1936 ж. құрылған. Ол 1942 ж. соғыс жағдайына байланысты Алматыға көшіп келген Симферополь консерві комбинатымен біріктіріліп, майдан үшін ет және жеміс-жидек консервілерін шығарды. 1974 жылға дейін Алматы жеміс- консерві комбинаты, кейін Алматы жеміс консервілеу зауыты деп аталды. 1993 ж. зауыт акцион. қоғам болып қайта құрылды. 1995 ж. бастап “Алматы жеміс консервілеу зауыты” акцион. қоғамы деп аталды. Кәсіпорын құрамында 13 цех бар. Негізгілері: консервіленетін көкөніс, томат, жеміс-жидек, балалар тамағы және күнбағыс алуасы цехтары. Бұл цехтар өнімнің 80-ге жуық түрін шығарады. Кәсіпорын өз өнімдерін шет елдерге де жөнелтеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *