АЛМАТЫ ДӘРІГЕРЛЕР БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ИНСТИТУТЫ — медицина саласындағы мамандар біліктілігін көтеруге арналған мемлекеттік жоғары оқу орны. Ин-т Алматыда 1963 ж. ұйымдастырылған. 1996 жылдан С.Д. Аспандияров атынд. Қазақ мемл. мед. ун-тінің құрамында. Ин- т ұжымы дәрігерлер білімін жетілдірумен қатар, ғыл. және алдын ала емдеу жұмыстарымен де шұғылданады. Ин-тта еліміздің М. Әлиев, Т. Шарманов, С. Балмұқанов, Ә. Ідірісов, X. Мырзалиева, Ф.С. Каневская, Г.К. Ткаченко сияқты көрнекті маман-ғалымдары мен денсаулық сақтау ісінің белгілі ұйымдастырушылары қызмет етті. Қазір ин-т ұжымында 35 ғылым докторы, 150 ғылым кандидаты жұмыс істейді.