АЛМАТЫ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ — арнаулы орта оқу орны. Р-ның оңт. өңірлеріндегі сауда және қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне бизнес және басқару мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. 1950 ж. Алматы кеңес сауда техникумы болып құрылған. 1992 ж. Алматы коммерцтехникумы болып өзгерді. Нарықтық-экон. қатынастарға сәйкес 1991 жылдан коммерциялық қызмет, Аудитор, маркетинг, менеджмент мамандықтары бойынша кадрлар даярлана бастады. 1995 ж. Алматы бизнес колледжі болып қайта құрылды. Колледждің күндізгі бөлімінде 400-ден астам, сырттай оқу бөлімде 120- дан астам оқушы экономика, бух. есеп және бақылау, менеджмент, сауда маркетингі, тағам технол., кеден ісі, қаржы мамандықтары бойынша білім алады. 1 ғылым кандидаты, 25 жоғары білікті оқытушы дәріс береді. Басқару және бизнес мамандықтары бойынша Респ. оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Колледжде 300 орындық жатақхана, 75 орындық асхана, 87380 дана қоры бар кітапхана бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *