“АЛМАТЫ АҚШАМЫ” — Алматы қалалық әкімшілігі мен қалалық мәслихатының газеті. Бірінші саны 1989 ж. 1 шілдесінен бастап “Вечерняя Алма-Ата” газетінің аудармасы ретінде жарық көрген. 1990 ж. 17 ақпаннан дербес газет болып шыға бастады. Алғашқыда 40 мың данамен тек Алматыда, 1982 жылдан кейін Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тарады. Казір респ-ның барлық обл-ына тарайды. Газет қалалық әкімшіліктің, депутаттардың қалалық мәслихатының жұмысын, Алматы қаласының әлеум,- экон. өміріне байланысты мақалалар жариялап келеді. Редакцияда қоғамдық-саяси өмір, экон. және әлеум. мәселелер, құқық, әдебиет-өнер, хат және қоғамдық пікір бөлімдері бар.