АЛМАТЫ АШЫТҚЫ ЗАУЫТЫ — Қазақстандағы нан ашытқысын өндіретін бірден бір өндірістік арнаулы кәсіпорын. Негізі 1969 ж. қаланған. 1993 жылы “Ашытқы зауыты” ационерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Зауыт престелген, кептірілген және аса сапалы нан ашытқыларын шығарады.