АЛМАТЫ АСУЫ — Іле Алатауындағы асу. Теңіз деңгейінен 3599 м биіктікте орналасқан. Ол Іле Алатауының солт-ндегі Үлкен Алматы өз- нің саласы — Проходнаяның бастауы мен оңтүстігінде Чон- Кемин (Қырғызстан) өз-нің оң жақ саласы — Алматы өз- нің басталу аралығын қосып жатыр. Жол 1850 м биіктіктен өтеді. Асу орманды белдеммен, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. А. а-ның оңтүстігінде шындарын қар мен мұз басқан Күнгей Алатауы орналасқан.