АЛМАСПАЛЫ ӨЗАРА ӘСЕР — бір-біріне ықпал ету салдарынан ұқсас бөлшектер арасында пайда болатын айрықша өзара әсер. А. ө. ә. — таза кванттық мех. эффект. Ол ұқсас бөлшектер жұбы орын алмастырғанда осы бөлшектер жүйесіндегі симметрияның қасиетін айқындайды. А. ө. ә. атомдық және молекулалық спектрлердің, хим. байланыстардың, ферромагниттік құбылысының, т.б. заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.