АЛМАСОВ Омар (Ғұмар) (т.ж.б. — 1920) — Алаш қозғалысының қайраткері. Мұғалімдер семинариясында оқыған. 1916 ж. тамызда Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынборда өткен кеңесінің хатшысы болды. Онда патша өкіметінің маусым жарлығына қарсы қазақ халқының көтерілісі жөніндегі Алаш қозғалысы басшыларының (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов) пікірін қолдады. 1917 ж. 2 — 8 сәуірде Торғай обл. қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі әрі хатшысы (Орынбор). 2-Бүкілқазақ съезінде (Орынбор, 5 — 13.12. 1917). А. ҚазақАвтономиясын Қазақстандағы өзге ұлттар өкілдерінің көзқарасын анықтаған соң және халық милициясын құрғаннан кейін жариялауды жақтаған көпшіліктің қатарында дауыс берді. Сьезде ол Халық Кеңесінің мүшелігіне кандидат етіп сайланды. А.Торғай өңірінде Кеңес өкіметіне қарулы қарсылықты ұйымдастыруға белсене қатысты. Алашорданың Торғай обл. әскери сотының бастығы болды. Алашорда атынан А.Байтұрсыновпен бірге Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізді (1918 ж., наурыз). Аққұмда (Торғай) өзін тұтқындауға келген қызыл әскерлермен атыста оққа ұшты.