АЛМАС

АЛМАС (грек. аdamas — бұзылмас, жеңілмес) — минерал, көміртектің (С) кристалл түрі, табиғаттағы ең қатты зат. А. кубтық сингонияда кристалданады. Куб, октаэдрромбододекаэдртетраэдр, сондай-ақ олардың араласқан түрінде кездеседі. А б.з.б. белгілі болған. 19 ғ-дың 70-жылдарына дейін ол тек кенкэйраңдардан өндірілді. Табиғатта кездесетін А. түйіршіктерінің салм. әдетте 0,1 — 1,0 қараттан аспайды. Салм. 100 қараттан (20 г) астам ірі кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мыс., 1905 ж. Оңт. Африкада табылған дүние жүзіндегі ең ірі “Куллинан” А-ы кристалының массасы 3106 қарат (621,2 г) болған. Кейін одан әр түрлі пішінді 105 бриллиант алынды. А-тың меншікті салм. 3,5 — 4,0 г/см3қатт. 10. Морт сынады, сынған жері бұдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді. Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр, қызғылт, қара сұр түсті болып келеді. А-тың түсі әр түрлі болуы құрамындағы қоспаларға (5%-ке-дейін SiАl, Са, МgТі, Со, СгҒе, т.б) байланысты. Бұлардан басқа оның құрамында қатты (оливин, пироксен, гранаттар, хромшпинелидтер, графит, кварц, темір оксидтері, т.б.), сұйық (су), газ (азот, т.б.) күйіндегі қоспалар да болады. А. қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінің әсеріне берік, селитра мен соданың қоспасында 500°С-та ериді, ауада 850 — 1000°С-та, оттекте 720 — 800°С-та жанады, вакуум мен инертті газда 2000°С-та 15—20 минутта түгелдей графитке айналады. Графит немесе көмір сияқты жұмсақ тектестерімен салыстырғандағы А-тың орасан қаттылығына оны құрайтын көміртек атомдары арасындағы өте берік ковалентті байланыс себепші болады. А. үлкен тереңдікте, жоғарғы мантия аумағындағы зор температура мен қысым әсерінен пайда болады. Ол қопарылыс түтіктерін толтыратын кимберлит құрамында кездеседі. Басқаша айтқанда, қопарылыс түтіктері А. кендерін іздестірудің негізгі сілтемесі болып табылады. Сапасына және нарықтық сұранысқа байланысты А. кристалдары з е р г е р лік Ажәне техникалық А. болып ажыратылады. Зергерлік А. мөлдір, ақаусыз (қуыссыз, жарықшасыз, сызатсыз), қоспасыз, аса берік болуы шарт. Өйткені ол — әсемдік бұйымы болумен бірге капитал сақтаудың сенімді тәсілі. Тех. А. ұнтақ немесе тиісті пішінге келтірілген кристалдар түрінде қолданылады. 1990 — 95 ж. дүние жүзінде жылына 100 млн. қарат А. өндірілді. Оның ішіндегі жоғары сапалы зергерлік А-тың үлесі 15%, жартылай асыл түрі 40%, абразивтер ретінде қолданылатын тех. А. 45% болды. Жылдық тұтынудың үнемі 10%-ке өсіп отыруына байланысты 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап жасанды (синтетикалық) А. өндірісі (жылына 250 млн. карат) жолға қойылған. А-тың ірі кендері Оңт. Африкада, Австралияда, Бразилияда, Үндістанда, Канадада, Ресейде (Саха-Якутия) орналасқан. Қазақстанда аса ірі Құмдыкөл алмас кені зерттеліп, өндіріске қосуға дайындалған (1997). Ондағы тех. алмастың 1 т кентастағы орташа мөлш. 23 карат. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *