АЛМАЛЫБАҚ — Алматы обл-ның Қарасай ауд-ндағы ауыл, Ұмтыл ауылдық әкімш. округіне қарайды. Ауд. орталығы — Қаскелең қ-ның шығысында 5 км жерде Іле Алатауының солт-ндегі тау алды қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2,1 мың адам (1997). А-та Қазақстан Республикасы ҒМ — ҒА-ның аграрлық зерттеулер орталығының Қазақ егіншілік ғыл.-зерттеу ин-ты, орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. мәдени мекемелер бар. Мемл. маңызы бар Алматы — Шымкент автомоб.жолы өтеді.