АЛМААРАСАН

“АЛМААРАСАН” – респ. дәрежедегі бальнеологиялық санаторий. Іле Алатауының солт. баурайында, теңіз деңгейінен 1850 м биіктікте, Алматыдан оңт-ке қарай 26 км жерде орналасқан. Мұндағы минералды жылы судың шипалы қасиеті 14 ғ-дан белгілі. Санаторий 1931 ж. ашылған. Оның айналасы — шыршалы орман, ауасы дем алуға жеңіл, жыл бойы жұмыс істейді. 160 емдеу орны бар (1998). Орташа ауа темп-расы қаңтарда —4°С, шілдеде 15°С, жауын-шашын мөлш. 900 мм. Емге аз минералданған кремнийлі, гидро- карбонат-сульфатты натрийлі су (қ. Алмаарасан минералды суы), сондай-ақ климат факторлары (таза ауа, әсем табиғат), физиотерапия, массаж, т.б. пайдаланылады. А. санаторийінде нерв жүйесі, әйел аурулары, аяқ-қол, буын, тері және асқазан аурулары емделеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *