АЛЛЮВИЙ

АЛЛЮВИЙ, аллювийлік шөгінділер (лат. alluvio — шайма, тосқын) — тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер. Ол дөңбек тас, малта тас, қиыршықтас, құм, құмайт, саз, саздақтан құралады. А. қабаттары аққан судың күші мен бағытына байланысты және шөгетін бөлшектердің ірі-ұсақтығына қарай жіктеліп орналасады. А. құрамында тұщы су жәндіктерінің, жануарлар сүйектерінің және өсімдіктердің қалдықтары мол ұшырасады. Кесек жыныстардан тұратын а р н а л ы қ А. өзендердің бойында көптеп кездеседі. Жазықтағы өзендердегі ұсақ түйіршікті шөгінділерден құралатын ж а й ы л м а л ы қ А. ондағы су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты қалыптасады. Өзеннің қазіргі арнасынан бір кезде бөлініп қалған бөлігінде ескі арнал ы қ А. түзіледі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-делювийлік шөгінділер жиналады. А. құрамында құнды таза элементтердің (алтын, алмас, платина, т.б.) кен-қайрандары орналасуы мүмкін. Сондай-ақ А-лі шөгінділер жиналған тұстардан сапалы жер асты суы және бағалы құрылыс материалдары (құм, қиыршық тас) алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *