АЛЛОХТОН 

АЛЛОХТОН (грек. allos — өзге және сһthyn — жер), геологияда — тектоник. күштердің әсерінен өзінің алғаш түзілу аймағынан көлбеу беткей бойымен жазық бағытта жылжып кеткен тау жыныстарының кешені. А-дар тектоник. жабындар деп аталатын құрылымдардың басты бөлігі болып табылады. Олардың жазық бағытта жылжу қашықтығы ондаған км-мен өлшенеді, тіпті жүздеген км-ге жетеді. А-ды құрайтын тау жыныстарының құрамы оның төсеніші рөлін атқаратын автохтонға тән тау жыныстарынан мүлдем өзгеше келеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *