АЛЛИТЕРАТТАУ

АЛЛИТЕРАТТАУ, а л л и т е р а ц и я (латын. allittera — дыбыстас) — шығармалардағы бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда, дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилист. айшық (фигура). Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Гомер мен Горацийден бастап, Пушкин мен Абайға дейінгі ақындар шығармаларының бәрінде бар. Қасым Аманжоловтың “Ираншахқа мұңын шақпа, Низами, Біздің жақта гүл құшақта Низами…” деген жолдарында А. (“ш” әрпі қайталанып) өлең өрімін құбылтып, оның оқырманға берер әсерін күшейтіп тұр. А. — қазақ макал-мәтелдерінің де ұтымды тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді (“Бейнет, бейнет түбі — зейнет”) бірнеше қайталау, сөз ұйқасымы айрықша рөл атқарады. Жұмбақтың да сөз түзілісі мақал- мәтелдерге ұқсас, әр затты өзіне лайық дыбыспен бейнелеу үшін А. тәсілі қолданылады (“Әуеден күбі түсті, күбінін түбі түсті”). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *