АЛКАЛОЗ

АЛКАЛОЗ (көне латalcali — сілті, араб.  әл-қала) — аниондар мен катиондар ара- қатынасының өзгеруінен денедегі қышқылдық-сілтілік тепе-тендіктің бұзылуы. Р е с пираторлық А. қаннан көмір қышқылының молырақ шығуынан, м е т а б о л и з м д і к А. “ұшпайтын” қышқылдардың не сілтілердің алмасу процесінің бұзылуынан денеге негіздердің (сілтілі катиондардың) шамадан тыс көбірек жиналуына байланысты пайда болады. А. қандағы сутегі көрсеткішінің (рНөзгеруіне орай теңгерілг е н А. және теңгерілм е г е н А. болып екі түрге бөлінеді. Біріншісінде рН қалыпты деңгейде (7,35 — 7,45) болса, екіншісінде ол біршама көтеріледі (7,45-тен жоғары). А. жағдайында адамның қан қысымы бұзылып, қантамырлар коллапсы сияқты ауруға шалдығуы мүмкін. Екіқабат әйел жүрегі айнып, қайта-қайта құса берсе, қарын сөлінде көп мөлшерде хлор ионы көп бөлініп, метаболизмдік А. пайда болады. Оны болдыртпау үшін денеге калий ионы молырақ ендіріліп, қосымша қан құйылады. Сөйтіп қан айналысы реттелінеді. Респираторлық А. кезінде тыныстануды қалпына келтіру шаралары жасалады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *