АЛЕКСИЙ

АЛЕКСИЙ (шын аты-жөні Андрей Николаевич Кутепов, 10.5.1953 ж.т., Мәскеу) — дін қайраткері, архиепископ. Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Теология ғылымының (дін ілімінің) кандидаты. Ресейдің Подольск, Иркутск, Чита аймақтарында діни қызметтер атқарған. 1975 ж. 20 қарашада қасиетті әулие Алексийдің құрметіне Алексий деген есім мен архимандрит (діни миссия басшысы) атағы берілген. 1980 жылдан Ресейдегі Владимир, Суздаль, Муром, Троицк-Сергиев, Зарайск, Мәскеу шіркеулерінде басшы қызметтер атқарды.  1989 ж. архиепископ (аға епископ) дәрежесіне көтерілді.  

1990 ж. 20 шілдеден Алматы және Қазақстан архиепископы, ал 1991 ж-дың ақпанында Алматы және Семей архиепископы болып тағайындалды. Алексий Қазақстанда этносаралық түсіністікті, рухани татулықты, ынтымақтастықты нығайту жолында елеулі қызмет атқарып келеді. Сол еңбегі үшін Республика Президенті белгілеген Бейбітшілік және рухани ынтымақтастық сыйлығының 1995 жылғы лауреаты болды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *