АЛЕКСЕЕВ Валерий Павлович

АЛЕКСЕЕВ Валерий Павлович (22.08.1929, Мәскеу —7.11.1991, сонда) — орыс антропологы. 1952 ж. Мәскеу шығыстану ун-тін бітірді. “Шығыс Еуропа мен Кавказ халықтарының краниологиясы” атты ғыл. еңбегі бойынша докт. (1966) диссертация қорғады. 1981 ж. КСРО ҒА-ның корр. мүшесі, 1987 ж. оның толық мүшесі болып сайланды. 1952 — 87 ж. КСРО ҒА-ның Этногр. ин-тында қызмет атқарды. 1988 — 91 ж. ҒА-ның Археол. ин-тының директоры. А. антропол., археол., этнол., этник. тарих, экол., көне демогр., т.б. тақырыптарда ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізіп, 500-ден астам ғыл. еңбек қалдырған. Солардың ішінде “Адам расасының географиясы”, “Тарихи антропология мен этногенез” атты еңбегінде Орталық Азия халықтарының этник. даму процесіне сипаттама береді. Қазақстанды мекендеген ежелгі адамдардың этногенездік, расогенездік проблемаларын зерттей келе бүгінгі қазақ халқының өзіндік антропол. нұсқасы 2 расаның (еуропоид және монғолоид) өзара араласуынан пайда болғанын дәлелдейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *