АЛЕКСЕЕВКА — Солт. Қазақстан обл-ның Зеренді ауд- дағы кент. Көкшетау қ-ның солт.-шығысында, Шағалалы өз-нің оң жағасында, қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Іргесі 1880 ж. қаланған. 1962 ж. маңындағы доломит тасты кен орнын игеруге және доломит, темір-құйматас бұйымдары з-ты салынып, іске қосуларына байланысты А. кентке айналды. Тұрғыны 2,8 мың адам (1997). 8 жылдық мектеп, клуб, аурухана бар. А. арқылы Петропавл — Көкшетаут.ж. және автомоб. жолы өтеді.