АЛЕВРОЛИТ

АЛЕВРОЛИТ — алеврит түйіршіктерінен тұратын, цементтеліп тасқа айналған шөгінді тау жынысы. А. терминін 1935 ж. В.П. Батурин ұсынған. Құрамы үгілген тау жыныстарының құрамы мен үгілу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады. А-тің құрамындағы түйіршік материалдың мөлш. 25 — 85%, қалғаны сазды, карбонатты, кремнийлі және күрделі қоспалы цементтен тұрады. А-тің түсі бояғыш пигментке байланысты қызыл, қара, жасыл, сұр, ақшыл, ал нақышы жентектелген немесе қабаттасқан болып келеді. А. терригенді формацияларда қалыңд. ондаған метр қабаттар мен линзалар құрайды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *