АЛЕБАСТР (грек. Alabastros — күйдірілген бор) — 1) минерал, гипстің қардай ақ ұсақ түйіршікті түрі; 2) қ ұ р ы л ы с г и п с і, байланыстырушы тұтқыр материал. Ол табиғи гипсті (СаS04-2Н20), ангид ритті (СаS04) және кейбір құрылыс өнеркәсібіндегі қалдықтарды 140 — 190°С темп- рада күйдіріп, ұнтақтау нәтижесінде алынады. А-дан сылақ езбесі, құйма қалыптары, құрылысқа қажетті бөлшектер, гипстік құйматас, едендік тақта, жасанды мәрмәр әзірленеді. А. медицинада сынықты емдеу кезінде пайдаланылады. Қағаз, бояу, металл, цемент өндірісінде қолданылады.