АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ

АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ — қылмыстық процестің кезеңдік сатысы. Оның барысында істің дұрыс шешімін табу үшін маңызды барлық мән-жайлар бойынша тергеуші дәлелдемелер жинап, тексереді. А. а. т. қылмыстық іс қозғалғаннан соң басталады да, айыптау қорытындысын прокурорға жолдаған немесе қылмыстық істі доғарған кезде аяқталады. Анықтау жүргізілген істер бойынша А. а. т. аяқталған соң басталады. А. а. т-ді ішкі істер органдарының, ҰХК-інің, салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді және ол екі айлық мерзімнен ұзамай аяқталуға тиіс. Алайда осы мерзімді 6 айға және одан да көп уақытқа ұзарту тәртібі де арнаулы заңда көзделген. А. а. т-ді бір немесе бірнеше тергеуші жүргізеді. Оның заңға сәйкестігін прокурор қадағалайды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *