АЛДЫН АЛА КЕРНЕЛГЕН ҚҰРАЛЫМДАР

АЛДЫН АЛА КЕРНЕЛГЕН ҚҰРАЛЫМДАР — жеке бөліктеріне кернеу алдына ала (дайындау не құрастыру кезінде) тиімді бөлініп түсірілген құрылыс құралымдары. Материалға (құйматасқа, арматураға) алдын ала кернеу түсіру процесі қазіргі заманғы құрылыстың әр түрлі темір-құйматас құралымдары мен бұйымдарында, сондай-ақ металл құралымдарында кеңінен қолданылады. Әдетте темір-құйматасты А. а. к. қ-да құйматас сығылады да, арматура созылады. Мұның нәтижесінде арматуралық болаттар үнемделіп (70%-ке дейін), құралымның беріктілігі, т.б. артады. Темір- құйматасты А. а. к. қ-ды үйлер мен инж. құрылыстарда (мыс., көпірлерде) пайдалану тиімді. Ал металдық А. а. к. қ. көпір құрылысында, кран балқаларында, мұнараларда, электр жеткізу желілерінің тіректерінде, т.б. қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *