АЛДИЯР Елекеұлы (шамамен 1641—1712) — қазақ-қалмақ соғысына қатысқан аға батыр. Есімі садыр руының ұранына айналған. А. туралы жазба деректер Қазақстан мен Қырғызстанда сақталған. Ол өз еліндегі Тауымбет сияқты ру басшыларымен сиыса алмай, қырғыз манабы Сарудың қарамағында қызмет атқарған. Жасы отыздан асқанда қырғыз қызы Ханшайымға үйленіп, одан Қырықсадақ, Қырғызшора деген ұлдары дүниеге келеді. Кейін Тәуке ханның шақыруымен елге оралады. Бірақ Тәукенің Жоңғар хандығына қарсы кейбір әрекеттеріне наразы болады. Тәуке Севан Рабданның өз ордасына келген елшілерін қырып тастамақ болады. Бүған А. бастаған бірнеше батыр қарулы қарсылық көрсетіп, елшілікті аман-сау еліне қайтарады. Бұл оқиға шамамен 1704-05 ж. болған. Тәуке жасақ- тарымен болған қақтығыста А-дың інісі Майдан бастаған көп адам қаза табады. А. 1696, 1698, 1701, 1710 жылдардағы қазақ-қалмақ шайқастарының бел ортасында жүріп, садыр руы жасағына аға батыр болған. Батырдың Қырықсадақ пен Қырғызшорадан басқа Қуат, Кенембай, Дөненбай (шешелері Таубике), Асан, Медет, Кенжебай (шешелері Ежеп), Ақпан, Тоқпан (шешелері Жібек) деген 8 ұлы болғаны белгілі. Шыршық өз. жағасындағы Төлек, Қылышты ата дейтін ескі зиратқа жерленген.