АЛДАШБАЙ Ерназарұлы (1858 — 1936, Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Майлыөзек а.) ахун, дін уағыздаушы. Бала кезінде әкесі Ерназар палуан мен Қалдан бидің көмегімен Ораз ахуннан мұсылманша білім алған. 1876 — 86 ж. Бұхарада медреседе оқыған. Медресе бітіріп келгеннен кейін елінде Кете Шораяқтың көмегімен салынған мешітте 1928 жылға дейін бала оқытқан. Кеңес өкіметінің қудалауына ұшырап, бірнеше мәрте Қазалы, Қармақшы түрмелеріне қамалды. А. ахунтуралы Балқы Базардың, Шораяқтың Омарының, Тұрмағамбеттің өлеңдерінде айтылған. 1997 ж. 20 қазанда Қармақшыда А. ахунға ескерткіш орнатылды, оның атында ауыл бар.