АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫ

АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫ Қызылорда обл-ның Қармақшы ауд-ндағы ауыл. Ауд. орталығы — Жосалы т.жст— нан 80 км қашықтықта орналасқан. Іргесі 1929 ж. Карл Маркс атындағы ұжымшар орталығы ретінде қаланған. 1986 жылдан бастап “Майлыөзек” кеңшарының орталығы. 1996 ж. кеңшар жекешелендіріп “Майлыөзек” шаруа серіктестігі құрылды. Дауылкөл ауылдық әкімш. округіне қарайды. Тұрғыны 1,1 мың адам (1997). Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *